ҚОҒАМ

Мектепте өрт шығып, 17 бала тірідей жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мектептегі өрттен 17 бала мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қайғылы жағдай Нигерияның солтүстік-батысында болған. Түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кетті.

Сонымен қатар денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмады. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастағанын мәлімдеді. 

Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған. 

“Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, “Өрт, өрт!” деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты”, - дейді мектеп мұғалімі.