САЯСАТ

Трамп жарлығы: USAID-та 10 мың қызметкердің тек 294-і жұмысын жалғастырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: tock.adobe.com

Әлемдегі Халықаралық даму агенттігінің (USAID) барлық өкілдері әкімшілік демалысқа жіберіледі. Тек маңызды жұмыс істейтін қызметкерлер ғана өз жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

АҚШ-та емес қызметкерлерді өз еліне қайтару мен қаржылай көмек жағы қарастырылады.

 

“Агенттік ерекше жағдайларды қарастырып, сұраныс бойынша қосымша ұсыныстар жарияланады”, - деп мәлімдеді АҚШ билігі. 

 

Reuters мәліметінше, 10 мың қызметкердің 294-і ғана өз орнын сақтап қалмақ. 

Агенттікте істейтіндердің басым бөлігі 7 ақпаннан бастап әкімшілік демалысқа жіберілетіні туралы ақпарат жарияланды. Негізгі басшылық құрам мен аса маңызды міндеттерді атқаратын қызметкерлер ғана жұмысын жалғастырады. 

USAID-тің бұрынғы қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар Трамп әкімшілігінің агенттік бағдарламаларын қысқарту мен тоқтату туралы шешімін сынға алды.