ҚОҒАМ

Семейде полиция көлігі “КамАЗ-ға” соғылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Семейде полиция көлігі қызмет барысында “КамАЗ-ға” соғылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, патрульдік полиция батальонінің экипажы Боранбай би көшесінде отбасылық жанжалға бара жатқан кезінде жүк көлігімен соқтығысты.

 

“Абай облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, "КамАЗ" жүргізушісі жанармай құю бекетінен шығып келе жатып, қауіпсіздігіне көз жеткізбестен маневр жасаған”, - делінген хабарламада. 

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеді.