ҚОҒАМ

СҚО тұрғыны әкімдіктен қарызын ала алмай жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

СҚО, Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны әкімдіктен қарызын ала алмай жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәліметтерге сүйенсек, бұл ауылда ұзындығы 6 шақырым бөгет салынған. Аудандық әкімдік Есілдің дәл жағасында тұрған бірнеше үй мен бизнес нысанын мемлекет қажеттігіне сатып алу жөнінде шешім шығарған.

Олардың қатарында шағымданушы Данияр Төлегеновтің де үйі бар. Мамандар 190 шаршы метр баспана мен 10 сотық жерді 40 млн теңгеге бағалапты. 

Алайда үй иесі былтырдан бері тиісті қаражатты ала алмай жүргенін айтты. Ал әкімдіктегілер лайықты түрде жауап қатпаған.

Еске салайық, былтыр көктемде СҚО-да су тасқыны болды. Ал сәуір айынды су тасқынының екінші толқыны басталды.