ҚОҒАМ

Қостанай облысында заңсыз жолмен бағалы метал өндіргендер құрықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қостанай облысында екі ер адам заңсыз жолмен бағалы металдарды тауып, оны өндірумен айналысқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қостанай облысы Жітіқара ауданының прокуратурасы Аққарға ауылының маңындағы Оңтүстік Тоқтаров кен орнында тіркеусіз және рұқсатсыз бағалы металдарды іздеумен және өндірумен айналысатын ауданның екі тұрғынын анықтады.

Бас прокуратураның мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалды, олар сотқа жіберілді. Сот заң бұзушыларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллион теңгеден асатын екі металл іздегіш құрылғыны тәркіледі.