САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: AP photo
АҚШ президенті Дональд Трамп Газаны сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол Газаны сатып алып, әуелгі қалпына келтірмекші. Ол үшін Таяу Шығыстан көмек сұрап отыр.
“Мен Газаны сатып алып, оған иелік еткім келеді. Оны қалпына келтіруге келетін болсақ, Таяу Шығыстағы басқа мемлекеттерге Газаның белгілі бір аймақтарын гүлдендіру үшін бере аламыз”, - деді Трамп.
Сонымен қатар АҚШ президенті Газаның соғыстан аман қалған бөлігігі де қайта жөндеуден өтетінін жасырмады.
“Біз секторды иемденіп, ХАМАС қайтып оралмас үшін жағдай жасаймыщ. Қайтып оралатын ештеңе де жоқ. Бұл жер бұзылуға жақын. Барлық бөлігі бұзылады”, - деп қосты ол.
Трамп Газаны өмір сүру үшін әлемдегі ең қауіпті жер деп атады. Президент бұл жерді болашақта өте жақсы орынға айналдыруға уәде берді.