ҚОҒАМ

Қазақстанда ет неге қымбат? - АШМ басшысы жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freefik.com

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылғы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналистер Қазақстанда ет бағасының күрт көтерілгенін айтып, қуаншылықтың әсерін сұрады. Министр ет бағасының қымбаттауына қуаңшылықтың қатысы жоқ екенін айтты. 

"Себебі қуаңшылықта емес. Өткен жылы жазда қуаңшылық болып, былтыр қалыпты өнім алдық. Екі жыл бұрын  астықтың қанша тұратынын, қазір қанша тұратынын өздеріңіз көріп отырсыздар. Теңгерімді азықтандыруға жем-шөбіміз жеткілікті – бұл өте арзан, шамамен 50 мың теңге. Сондықтан құрғақшылық ет құнына әсер ете алмады", – деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, бағаның өсуіне Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуыәсер еткен. 

"Аймақтарда етті белсенді түрде сатып алады, осының аясында делдалдар да бағаны көтере бастайды. Бірақ қазір жағдай біртіндеп тұрақтана бастады. Мен кеше ет жеткізумен айналысатындармен сөйлестім. Бағаның келісі 2700 теңгеден басталып, 3300 теңгеге дейін жетеді, қай жерде болса да 3500-ге таба аласыз. Бірақ жалпы ет жеткілікті. Баға болжамына келетін болсақ, мен алдын ала айта алмаймын, өйткені бұл бөлшек сауда желілеріне қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде біздің жұмысымыз өндірісті қамтамасыз ету. "Сауда департаменті мен облыстық билік үстеме бағалар мен шекті бағаларды бақылауға жауапты", – деп қосты Айдарбек Сапаров.