Bugin

Астанада құрылысы 10 жыл бұрын басталған сауда нысаны сатылымға шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Jusan bank

Астанада құрылысы ұзақ мерзімді қамтыған сауда орталығы 13,5 млрд теңгеге сатылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Былтыр күзде Jusan Bank-тің меншігіне өткен «Сити Палас» сауда орталығы сатылымға шығарылды. Бүгінде көпфункционалды сауда-ойын-сауық орталығында құрылыс тоқтап тұр.

Нысанның бастапқы бағасы 13,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сатып алуға ниеттілер өтінімді банктің сайтында қалдыра алады. Сатып алу кезінде қолданыстағы бағаларға байланысты бағаның өзгеруі мүмкін.

Сипаттамаларға сүйенсек, сауда нысанының қабырғаларды жеңіл бетон блоктары, газоблок және керамикалық кірпіштерден қаланған. Нысанның іргетасы мен қабырғалары – 100% дайын. Жабын плиталары толық аяқталған. 

Нысан 3 жер телімінде орналасқан. 1,1087 гектар болатын 2 жер телімі жекенің меншігінде болса, 1,6645 гектар жер жалға алынған.