Bugin

Астанада жасөспірім 5 жасар баланы пышақтады: тың мәліметтер (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім 5 жасар балаға шабуыл жасап, бетін пышақпен тілгілеп тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Полицейлердің мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

“Балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді. Қажетті тергеу амалдары аяқталған соң, оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр. Балаға ота жасалған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқтығын мәлімдеді.

Астана әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, бетінен бірнеше пышақ жарақатын алған балаға шұғыл ота жасалған. 

"Елорда тұрғын үй кешеніндегі шабуыл салдарынан бетінің жұмсақ тіндерінен бірнеше пышақ жарақатын алған бес жастағы бала №2 көпбейнді қалалық балалар ауруханасының жақсүйек-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған. Баланы тексерістен өтіп, оған ота жасалды. Алған пышақ жарақатына байланысты баланың жалпы жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Баланың операциядан кейінгі жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.