Bugin

Қарағандыда полицей жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қарағандыда патрульдік полиция экипажы жаяу жүргіншілер өткелінде 22 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Әлеуметтік желіде полиция көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен видео жарияланды. 

"Қарағандыда патруль көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті", - делінген жазбада. 

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Оқиға кеше, 11 ақпан күні Воинов-Интернационалистер көшесінде болған.

"Қарағанды ДП-нің патрульдік полиция экипажы соғылудан қашып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан. Салдарынан 22 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Арнайы көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.