ДЕНСАУЛЫҚ

Онкология дәрілерін қолдан жасаған топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркияда онкология дәрілерін қолдан жасаған топ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Стамбұл қаласында онкологиялық ауруларға қажетті дәрілерді қолдан жасап, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қылмысқа қатысы бар сегіз адам құрықталып, олардың алтауы қамауға алынды. Ал жасырын цехтан сатуға әзір тұрған 5 млн дана жалған дәрі, 100 мың бос құты мен 9 дәрі жасайтын станок тәркіленді. 

Бұдан бөлек төрт қоймада 350 келі дәрі жасайтын ұнтақ пен 32 мың дәрі этикеткасы тәркіленді. 

Түркия Ішкі істер министрінің хабарлауынша тәркіленген дәрілердің нарықтағы жалпы құны 28 млрд теңгені құрайды.