ҚОҒАМ

Адам өлтіріп, 16 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен ("Адам өлтiру") қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.

"Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған. Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.