Bugin

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақмола облысында ер адам жанжал кезінде экс-жұбайын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кісі өлімі Щучинск қаласында кеше, 11 ақпан күні болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында көз жұмды. 

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.