Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Алматыда шетелдік жасөспірімдер қайыр сұраумен айналысып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ-нің мәліметінше, 2024 жылы тәртіп сақшылары қайыр сұраған 245 кәмелетке толмағандарды анықтады.
Жақында құқық қорғау органдары Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында қайыр сұраған 15 жасар баланы ұстаған. Жас жігіт Өзбекстан азаматы екен. Ол әкесімен бірге Алматы облысында жалдамалы тұрғын үйде тұрады.
“Бала қайыр сұрайды, мектепке бармайды, әкесі жұмыссыз. Тексеру жүргізу үшін олар бөлімшеге жеткізілді. Ата-анаға қатысты “ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау" әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша хаттама жасалды. Жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды”, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы.
Ведомство күн сайын жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын жерлерде – аулаларда, жертөлелерде, шатырларда, ойын-сауық орындарында, базарларда, вокзалдарда, саябақтарда рейдтер жүргізіліп жатқанын атап өтті.