ҚОҒАМ

Жамбыл облысында полиция қызметкері өзін атып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ

Жамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өзін атып өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полицейдің мәйіті Тараздан бес шақырым жерде, Жасөркен кентінде табылды. 2003 жылы туған жігіт полиция кіші сержанты екен. 

Алдын ала ақпарат бойынша, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері өз тапаншасымен басына оқ атқан.

Облыстың ПД басшылары, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері жедел оқиға болған орынға барды. Өлім себебі анықталып жатыр.