САЯСАТ

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесетін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kremlin.ru

Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Сау Арабиясында кездесетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Екі ел президенті кеше, 12 ақпан күні телефон арқылы сөйлесіп, соғыс мәселесін талқылады. Кремльдың баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, резиденттер Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылаған. Трамп әскери қақтығысты тез арада тоқтатуды және мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Путин Трампқа жауап ретінде қақтығыстың түпкі себептерін жою қажеттігі туралы айтты.

Трамп Путинмен сөйлесіп болып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен  бір сағаттай сөйлесті. Трамп Путинмен Сауд Арабиясында кездесу ұйымдастырғанын айтты. 

“Сауд Арабиясы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау мүмкіндіктерін талқылау үшін жеке кездесу өткізетін ел болады. Біз Сауд Арабиясында кездесеміз”, - деп хабарлады АҚШ билігі. 

Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.