Bugin

“2,5 миллиард- бұл аз”: Экономика вице-министрі Астанада өтетін парад туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Жеңіс күні қарсаңында өтетін парадқа жұмсалатын қаражат елеусіз екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына орай өтетін әскери парадқа 2,5 миллиард теңге жұмсалатынын хабарлаған едік. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлердің қозғалысына және киім тігуге жұмсалады екен. 

Ұлттық экономика вице-министрі бұл жұмсалатын қаражаттың әскери шеру үшін аз екенін алға тартты. Оның айтуынша, шығындардың бір бөлігі өтелмесе де, 1,5— 2 млрд теңге сомасы әлемдік танымалдылықты арттыру және инвесторларды тарту үшін аз ғана қаражат болып саналады екен. 

"Мысалы егер біз "Астана" Халықаралық форумы туралы айтатын болсақ, онда демеушілердің қаражаты тартылатын болады. Біз барлық шығынды демеушілер жабады деп ойлап отырмыз. Бірақ ол жабылмаса да, мұндай 1,5 - 2 миллиард сома әлеуетті инвесторлардың осында келуі үшін әрі елдің хабардарлығын арттыру үшін аз ғана төлем”, - деді ол.