Bugin

Түркістан облысында танысынан қарызға ет алған әйелдің қулығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысында әйел алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді.

Мәліметтерге сүйенсек, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген. Алайда арада жыл өтседе ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен.

Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. 

Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.