Bugin

Астанада 5 жастағы баланың бетін тілген жасөспірім қазір қайда?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада 5 жастағы баланың бетіл тілген психикалық денсаулығы нашар жасөспірімнің қайда екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Динара Закиева жасөспірімнің тергеу изоляторында емес, Астанадағы психологиялық орталықтардың бірінде екенін айтты. 

“Кеше аймақтық комиссармен бірге жәбірленуші балаға барып, жағдайын білдік. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана бойынша өңірлік уәкіл А. Т. Бимендина баланың анасымен үнемі байланысты. Ал шабуыл жасаған бала денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылды”, - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Астанада психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім лифтте баланың бетіне пышақ жарақатын салғанын хабарлаған едік. Қазіргі таңда зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

5 жастағы Батырдың анасы да оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.