ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Талғар ауданы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны бопсалаумен айналысқан. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз да бар. Әуелі қыз құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кіреді екен. Кейін өзін "ағаларымыз" деп таныстырған бір топ жас жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастайды. Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап етеді. Кейде ұрып-соғады екен.
6 ақпанда қылмыстық топтың құрбаны 24 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болған. Оны бопсалаушылар күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сондай-ақ 100 000 теңге аударуды талап еткен. Бұған қоса олар жәбірленушіні қорқытып, тағы 1,4 млн теңге беруге мәжбүрлемек болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшелерін анықтап, ұстады. Олардың үстінен бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жалпы саны жеті адам полицияға жеткізілді, оның төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.