Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы бірнеше секунд бойы тұншықтырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Алматы қаласының тұрғыны 4 жасар баласының балабақшада соққыға жығылғанын айтып, полицияға жүгінген. Бану Түлешева бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талап етті. Ол нәтижесінде сұмдық оқиғаны көрді. Кадрларда тәрбиеші баланы тұншықтырып, жан-жаққа тартып итергені анық көрінеді. Сондай-ақ сол сәтте бөлмеде тағы екі қызметкердің болғаны байқалады. Алайда олар болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырыспай, өз жұмыстарын жалғастырған.
Оқиғаға байланысты өзге де ата-аналар Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына шағымданды.