Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
“Сергек” жүйесі енді арабтардың басқаруында болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанада жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске асырылмақ. Енді қаланы Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясының жүйесі бақылайтын болады. Себебі 13 наурыздан бастап “Сергек” жүйесінің мердігері мен қала әкімдігі арасында жасалған келісімнің мерзімі аяқталады. Бұл туралы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов айтты.
“Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Presight компаниясы G42 холдингінің құрамына кіреді. Ол да жүйені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыратын болады. Жоба 2025-2030 жылдарға жоспарланған. Инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге”, - деді Сүлейманов.
Жүйенің барлық кемшіліктері жаңа жобада ескеріледі. Камералар үздіксіз жұмыс істеуі үшін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі.