Bugin

Желіде әскерден мүгедек болып келген Ербаянның оңалған суреті тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ erbayan2024

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың отбасы желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ербаян Мұхтардың отбасы қазақ қалқынан кешегі өткен мұсылмандар үшін қадірлі саналған Бараат түнінде ұлына дұға тілеуді сұраған. 

“Бүгін – ислам күнтізбесіндегі ең қасиетті түндердің бірі, мейірім мен кешірімге толы Бараат түні. Бұл түн – ақ жүрекпен жасалған әрбір дұға қабыл болатын ерекше уақыт.  Біз, Ербаянның отбасы, осы қасиетті түнді дұғада өткіземіз. Егер мүмкіндік болса, сіз де бүгінгі түнде Ербаян үшін тілек тілеп, аяғынан тұрып кетсін деңізші. Алла Тағала барлық ізгі ниеттерімізді қабыл етсін!” – деп жазылған парақшада. 

Сондай-ақ отбасы Ербаянның қазіргі жағдайын көрсетіп фотосын жариялады.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп, 2023 жылдың желтоқсанында ауыр ми жарақатын алды. Салдарынан сарбаз комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлағанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазақстандықтар Ербаянның емі үшін 230 млн теңге жинап берді. Қыркүйектің соңында сарбаз Түркияға ем алуға кеткен болатын.

Бұған дейін Түркияда ем қабылдап жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, елге оралғанын хабарлаған едік.