САЯСАТ

Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысын басқарған Ермек Көшербаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жаңа қызметіне дейін Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. Бұл қызметке ол 2023 жылғы 16 маусымда тағайындалды. Сондай-ақ ол Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі сынды лауазымды қызметтерді атқарған.