ҚОҒАМ

Алматы метросында қарбалас сәтте пойыз 3 минут сайын жүреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы метрополитені қарбалас уақытта пойыздар қозғалысының аралығы өзгеретінін хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматы метросында қарбалас сәтте қозғалыс аралығы қысқарды. Қосымша екі электр пойызының қосылуының арқасында таңертең және кешке күту уақыты 3 минут 6 секундқа дейін азайды.

"Енді бір уақытта 13 құрам қозғалыста, бұл жолаушылардың жиналып қалуын болдырмауға және жол жүрудің жайлылығын арттыруға көмектеседі. Метрополитен мамандары жолаушылар легін үнемі бақылап, пойыз қозғалысының кестесіне қажетті жедел өзгеріс енгізіп отырады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр “Абай” бекетінде 26 жастағы зағип адам рельске құлап, көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Алматыдағы метро бекеттеріне қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады.