Bugin

Ұлытау облысындағы қасірет: кеншілердің отбасына он жылдық жалақы төленеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы қаза тапқан кеншілердің отбасына он жылдық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Президент Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының кен орнында тау жынысының опырылуы салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың туған-туыстарына көңіл айтты. 

Сонымен қатар, Тоқаев үкіметке төтенше жағдайдың себептерін жан-жақты тергеуді тапсырды.

Ал “Қазақмыс” корпорациясы “Жомарт” кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына ұжымдық келісімшартқа сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.

“Әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ моральдық шығынды өтеу мақсатында марқұмдардың отбасына он жылдық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді”, - деп мәлімдеді “Қазақмыс” компаниясы.

Сондай-ақ, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, марқұмдардың несие және қарыздарын жабу сияқты көмек түрлері қарастырылған.

Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан “Қазақмыс" корпорациясының “Жомарт” кенішінде тау жыныстары құлады. Төтенше жағдай салдарынан жеті қызметкер үйіндінің астында қалып, мерт болды.