Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Нейрондық желі
“Қазақмыс” корпорациясы “Жомарт” кен орнында болған апаттың негізгі себебі айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеніште табиғи газ жарылған. Апат болған аумақ Жезқазған қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Жомарт кеніші 2006 жылы қолданысқа берілген.
Құтқарушылар 4 сағаттың ішінде топырақ астында қалған 6 жұмысшының денесін алып шығып, 1 сағаттан кейін тағы бір адамның мәйітін тапты. Сот медициналық сараптама жасау үшін олардың денесі полицияға тапсырылды.
Қазір кеніште арнайы штаб жұмыс істеуде. Ұлытаудан бөлек Қарағанды облысынан арнайы келген төтенше жағдайлар қызметкерлері де бар. Астанадан дәрігерлер мен психологтар келіп көмек көрсетіп жатыр.