ҚОҒАМ

600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мемлекеттік кірістер комитеті 600-ге жуық блогердің табысын жасырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Комитет түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді зерттеп, салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырған. Соның қорытындысы бойынша 594 тұлғаға 53,3 млрд теңге бойынша табысқа сәйкессіздік анықталған. Нәтижесінде 13-14 ақпан аралығында “кірістерді төмендету” бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

“Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды”, – делінген комитет хабарламасында.