Bugin

Еліміздің 3 өңірінде діни радикалдар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҰҚК

17 ақпанда ҰҚК Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдардың жолын кесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҰҚК мәліметінше, қазақстандық 4 азамат әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",  - деп хабарлады ҰҚК.