ҚОҒАМ

Болат Назарбаевтың тағы бір мүлкі мемлекетке қайтарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкін заңсыз сату деректерін анықтаған болатын.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 гектардан аса жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 болатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты", - деп жазылған хабарламада.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

Бұған дейін зауыттың 31,9 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болған. 2007 жылы "Темір Кон" ЖШС мемлекеттік пакеттің 31,9 пайызын қоса алғанда, "АЗТМ" АҚ акцияларының 86,78 пайызын Болат Назарбаевқа сатты.