ҚОҒАМ

Қазақстанда тағы екі жол ақылы болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 22 ақпаннан бастап Қазақстандағы екі жол учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің мәліметінше, Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) және Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) бағытындағы тасжол учаскелері жүк көліктері мен автобустар үшін ақылы болмақ.

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолының ұзындығы – 163 шақырым, 539-шақырымнан 376-шақырымға дейін. Автомобилистер балама бағыт ретінде Қостанай – Рудный – Әйет – Ресей Федерациясының шекарасы және Ресей Федерациясы (Екатеринбург) – Алматы жолдарын пайдалана алады.

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолындағы ақылы учаске 17-шақырымнан 99+692 шақырымға дейінгі бөлікті (82,7 шақырым) қамтиды. Бұл учаскені айналып өту үшін Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орск) бағыты бойынша жүруге болады.

Төлем автоматты режимде жүзеге асырылады. Шлагбаумдар мен стационарлық бекеттер болмайды. Аркада орнатылған камералар көлік қозғалысын, жылдамдықты және қарқындылықты тіркейді.

Төлеудің 10-ға жуық әдісі қарастырылған: интернет-банкинг, терминалдар, электронды әмияндар, телефон балансы, жанармай карталары (E100), сондай-ақ заңды тұлғалар үшін келісімшарттар. Алдын ала төлем жасаған жағдайда жол жүру құны төмен болады.

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 515 теңге (алдын ала төлем), 600 теңге (кейінгі төлем);
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1040 – 1220 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1545 – 1820 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері: 2080 – 2440 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 2580 – 3040 теңге.

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1010 – 1190 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 2055 – 2415 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 3065 – 3610 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері: 4100 – 4825 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 5120 – 6030 теңге.