Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
"Қазгидромет" мекемесі наурыздан мамырға дейінгі аралықты қамтитын зақ мерзімді ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың көктеміне арналған ұзақ мерзімді ауа райы болжамын жариялады. Болжам температура ауытқулары мен жауын-шашын деректерін қамтиды.
Наурыз - мамыр айларында күтілетін ауа райының консультативтік ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, яғни нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, алайда бұл ретте ауа температурасы төмен кезеңдер де болуы мүмкін.
Орталық Азия аймақтарында жылу қарқын алғанда жаз мезгіліндей күн ысып, әсіресе сәуір және мамыр айларында осы құбылыс байқалуы мүмкін.
Мысалы, былтыр сәуір айының ортасында республиканың көп облысында термометр бағаны +22+30°С-қа жеткен. Көктемде жаздың ауа райы орнаған.
Наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батыс жартысында (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде) нормаға жуық жауын-шашын болжанады.
Сәуір айында республиканың басым бөлігінде болжам қалыпты, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан артық болады деп күтілуде.
Мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталығында (Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде) нормадан аз болжанады.
Мамыр айында норма қиыр солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының, шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында) жаңбыр көбірек жауады.