ҚОҒАМ

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұрын сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалап келген. 

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазіргі таңда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.