Bugin

Атырауда ер адам адамдардың көзінше қызды ұрлап кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Атырауда ер адам тал түсте қызды күштеп көлікке отырғызып, ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға өңірдегі орталық базар маңында болған. Ер адамның қызға күш көрсетіп жатқанын видеоға түсіргендер де болған. Видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Кадрдан қыздың айқайлаған даусын естуге болады. Осылайша ол қарсылық көрсетпек болған. Алайда жігіт оны күштеп көлікке отырғызып, ізін суытқан.

Полиция мәліметінше, көлік табылып, күдікті ұсталды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Бірақ 22 жастағы жәбірленуші арыз жазудан бас тартыпты. 

Кейін полиция ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.