Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: instagram/ a.kishkenbaev
Алматыда кәмелетке толмаған бозбалаға тиімкен отандық әнші бостандыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
11-сынып оқушысына жыныстық емеурін көрсетті деп айыпталған танымал әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалып, бүгін, 19 ақпан күні бостандыққа шықты.
Әншінің өрескел іс-әрекетін Михаил Козачков телеграм-арнасында жазғанын хабарлаған едік.
Журналистің мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім кешкі сағат 21:00 шамасында қала тұрғындарының бірінен үш бөтелке сыра жеткізуге тапсырыс алады.
“Курьер тауарды сатып алып, шамамен 40 жастағы ер адамның үйіне апарып берген. Алайда тапсырыс беруші оған бірге ішуді ұсынып, оның жыныс мүшесінен ұстауға тырысқан”, — деп жазды ол.