ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Өзбекстанда қарақшылықпен айналысқан шетелдіктер азаматтар Қазақстанға қашып кеткен. Олар тұтқындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қарақшылар Ташкентте бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің қарсылығының арқасында шабуылдаушылар қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.
Іздеуде жүрген үш Түркия азаматының екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.