Bugin

Ақтөбеде қытай кәмпитін жеген 23 оқушы уланып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Envato

Ақтөбеде қытай кәмпитінен уланған 23 ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданында болған. Оқушылар мектеп жанындағы дүкеннен қытай тәттісін алған. Оны жегеннен кейін жеті бала өзін нашар сезінген. Тағы тоғызы қатты иістен ауырып қалған. Сынып жетекшісі балалардың жағдайы нашарлағанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырған.

Уланған 4-сынып оқушыларынан  жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалған.

“Жеті бала тамақтан уланған. Қалғандары ингаляциялық жолмен уланған. Қазір жағдайы тұрақты. Кәмпит сараптамаға жіберілген. Тергеу амалдары жүріп жатыр”, - делінген Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.