Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Петропавлда кәріз коллекторында жарылыс болып, 5 жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“19 ақпан күні кешке Петропавлда Жуков көшесіндегі ғғүйдің ауласында төтенше жағдай болды. Кәріз коллекторындағы ескі құбырды бөлшектеу кезінде жарылыс болды. Нәтижесінде апаттық бригаданың бес қызметкері зардап шекті”, - деп нақтылады ПД.
Құқық қорғау органдары жарылыстың мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеп–тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабы “еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды.