ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Астана-Өскемен бағытындағы Flyarystan рейсінде мас ер адам жол серікті ұрып, кейін “ұшақта бомба бар” деп қозғалысқа кедергі жасаған ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мас ер адам алдымен стюардессаны ұрып, кейін араша түспек болған жолаушыға тиіскен. Ол бортта бомба бар екенін айтып, елді шошытқан. Салдарынан 153 адам ұшақтың салонынан эвакуацияланды. Бұл көлік полициясы мен авиакомпанияға қосымша шығындар әкелген.
Ер адам осы әрекеті үшін сотталды.
“Сот оған жеңілдететін жағдай ретінде кәмелетке толмаған баласы бар екенін және өкінетінін ескерді. Алайда, орташа ауырлықтағы мас күйі ауырлататын фактор. Ер адам терроризм актісі және әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.