ҚОҒАМ

Мемлекет Кеңгір су қоймасын "Қазақмыстан" қайтарып алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Су ресурстары министрлігі

Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Кеңгір су қоймасы “Kazakhmys Distribution" ЖШС балансына берілген. Оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс. 

Бас прокуратураның мәліметінше, энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы екен. Су қоймасы 1952 жылы салынған. Аумағы - 319 миллион шаршы метр.

Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы су ресурстары министрінің атына ұсыныс тастады. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында объектіні беру актісіне қол қойылды.

Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.