Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Астанада өрт сөндіру машинасы жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан әйел адам қаза тапты. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Бөгенбай батыр және Жеңіс даңғылдарының қиылысында болған.
“Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам сигналына өтіп кетіп, Kia маркалы көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Kia автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді”, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Кейінірек 52 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болғаны белгілі болды.