Bugin

Астанада екі ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Күдіктілер өздерін әлеуметтік желіде табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерге қатысу арқылы тез табыс табу жолын ұсынған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асқан. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, оны басқа адамның атына ресімдеген.

Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді.Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.