Bugin

Қазақстандық компания 1,3 млрд теңге салықтан жалтарған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Прокуратура компанияның 1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтару әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

“S” ЖШС 1,3 млрд теңге салық міндеттемелерін төлемеу үшін сотқа жүгінген. Облыс соттары талап қоюды қанағаттандырып, салық органының бюджетке қосымша құн салығын өндіріп алу туралы әрекетін заңсыз деп  тапты.

Алайда облыс прокуратурасының өтінішхаты бойынша бұл жалтару әрекетін Жоғарғы Сот әшкереледі.

Қазіргі таңда компанияның бюджетке берешегін өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.