Bugin

Екі адамды өлтірген қылмыскер Қырғызстаннан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Екі рет кісі өлтіру ісі бойынша іздеуде жүрген 33 жастағы Қазақстан азаматы Қырғызстанның Бішкек қаласында ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ІІМ мәлімдеді. Ер адам 6 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген. Оның 2018 жылы екі адамның өліміне қатысы бар екені анықталды.

"Қазақстан ІІМ Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс - қимылы нәтижесінде Бішкек қаласында 2018 жылдан бері іздеуде жүрген 33 жастағы азаматты ұстады”, - деп хабарлады ІІМ.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамды Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61