Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Қазақстанда 12 блогер өз еркімен салықтарын төледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы кірістер комитеті хабарлады. Блогерлер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялаған.
"Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда. Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі”, - делінген ведомство жариялаған хабарламада.
Қазір барлығы 854 блогерге 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.
Комитет тиісті хабарламаларда көрсетілген сома салық қарызы еместігін атап өтті. Ақпаратқа сәйкес, бұл – блогерлердің салық декларациясында көрсетпеген болжамды табысы.