Bugin

Ақтөбеде 1-сынып оқушысының денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бүгін таңда ауладан оқушының денесі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі марқұмның оқушы екенін растады. Айтуынша, бала иттен қорқып кеткен. 

“Ит тістемеген. Таңертең үйден анасы, апасымен бірге шыққан. Мамасы есік жабамын дегенше, бала аулаға бірінші шығып кетеді. Қоқыс контейнерінің қасынан ит үріп шыққанда бала қорқып кеткен. Құлаған. Сол кезде анасы шыққан, үйіне әкелген, жедел жәрдем шақырған”, - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Әліби Латып. 

Оқиғаға марқұмның әкесі пікір білдірді. Қайғылы жағдайдың өздері тұратын аулада болғанын растайды. 

“Анасы мектепке апара жатты. Бала осы жерде, анасы мына жақта болды. Ит шыққан. Үстіне секірген. Қызыл неміс овчаркасы. Үстіне секіргенде қорқып, жүрегі жарылып кеткен. Артынан шығып келе жатқан анасы көрді. Апасы болды қасында”, - деді қайтыс болған оқушының әкесі.