Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Хромтаудағы шахтада төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бүгін, 28 ақпан күні Ақтөбе облысы ТЖД-ға шахтасындағы жарылыс туралы шақыру келіп түскен. Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы пайда болған. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Тексеріс аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Бейресми дерек бойынша, 149 адам эвакуацияланған.