МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото:
Алматыда белгілі жазушы Гүзел Яхинаның «Зулейха көзін ашады» романының желісімен қойылған «Zuleikha» спектаклінің премьерасы өтеді. Бұл қойылым көрермен назарына Салтанат Бақаеваның продюсерлігімен жол тартпақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Спектакльдің режиссері – Әлібек Өмірбекұлы, ал актерлік құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс пен Азамат Сатыбалды, сондай-ақ жас актер Рауан Ахмедов бар. Бас кейіпкер Зулейханың рөлін Салтанат Бақаева сомдайды.
Қойылым туралы
«Zuleikha» – адам тағдыры мен өмір сынақтары туралы драмалық спектакль. Бас кейіпкер Зулейха қорқыныш пен үрейде күн кешіп, өткенінен айырылғаннан кейін, ауыр сынақтар арқылы еркіндік пен шынайы махаббаттың мәнін түсінеді. Бұл – үмітсіздіктің ортасында да жарық сәуле табуға болатынын көрсететін ерекше оқиға.
Спектакльдің премьерасы:
Күні: 18 және 28 сәуір
Басталуы: 20:00
Өтетін орны: Almaty Theatre (Әл-Фараби даңғылы, 30)
Байланыс нөмірі: +7 747 955 69 44
Бұл қойылым көрерменге терең эмоция сыйлап, адам жанының төзімділігі мен шынайы сезімдердің қуатын көрсетеді.