Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев Университетінде ондаған миллиард теңгенің ұрланғанын мәлімдеп, Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайыловқа айып тақты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университетінде 73 миллиард теңгенің жымқырылғаны туралы ақпаратты неге жасырып отыр?” – деп жазды депутат Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университетінде 73 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтаған болатын. Сол кезде палата басшысы Әлихан Смайылов университеттің әлі де мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатынын мәлімдеген еді.
Бұл мәселеге қатысты Назарбаев Университеті сол күні жауап беріп, аудит барысында анықталған заңбұзушылықтардың студенттердің жол шығындары мен стипендияларын өтеуге байланысты екенін айтты. Сонымен қатар университет қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және ақылы бөлімде оқитын студенттер санын арттыру бойынша шаралар қабылдайтынын жеткізді.