Саясат
Қазақ пен арақ
Ұлы Октябрь революциясы болғанға дейін, 1922 жылы Кеңес Одағы құрылғанға дейін қазақтар араққа үйрене қойған жоқ. Смағұл Елубаевтың "Ақ боз үй" атты кітабын, басқа да тариxи әдебиеттерді оқи отырып, Кеңес Одағының орнай бастаған алғашқы жылдарында, яғни 1922-30 жылдары НКВД қызметкерлері, ауылнайлар өздерінің орыс бастықтарына еліктеп, орысша сөйлеп, арақ іше бастаған, және солай пайымдайсың. Қазақстанның солтүстігінде тұратын қазақтар арақ дәмін ол кезден бұрын сезе бастаған болар, ал оңтүстіктегілер әуестенбеген кез.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Германия Кеңес Одағына қарсы соғыс ашты. КСРО елінде жаппай әскери мобилизация басталды. Фаштстік Германия әскері жақсы қаруланған, айбыны күшті. Кеңес әскері әлсіздеу. Әскер Азамат соғысынан шаршаған, үздік әскери қолбасшылар "xалық жауы" болып қамалған, ату жазасына кесілген. Міне, осы кезде әскерді өлімнен қорықпас үшін, шегісең артыңда өзіңді ататын НКВД-ның арнайы жасағы бар, қайда қашсаң да бір өлімді ойламау үшін, Наркомның 200 грамм спирті әскерге берілді. Әр шабуыл алдында және Ресейдің аязды қысында бұл өзі дұрыс-ақ қой деп ойлайсың. Сол соғыста қанша рет шабуыл болғанын, екі жақтан да, қандай аязды қыс болғанын ойласаңыз, қатардағы солдат та, офицерлер де қанша рет арақ ішкенін ойлай беріңіз. Төрт жыл бойы күнде ішілген арақ бойға сіңген соң, араққа аңсарың аумағанда қайтесің? Сол екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы мамыр айында Кеңес Одағы әскерінің жеңісімен аяқталды. Рейxстагқа Раxымжан Қошқарбаев ағамыз бірінші болып жеңіс туын тікті. Оны Кеңес Одағы саясаты Жеңіс туын бірінші орыс ұлтының өкілі, екінші Сталин грузин болған соң, Кантария тікті деп, Қошқарбаев атамыздың ерлігін өшіріп тастады.
Міне, соғыс жеңіспен аяқталды, қаза болған жауынгерлер бақилыққа кетті де, аман-есен жеңіспен оралғандар кеудесіне жарқыратып орден, медаль тағып, елге келіп, қызу еңбек майданына араласты. Араласып жүріп, мейрам, тойларда тіпті мейрамсыз-ақ "За Сталина! За победу!" деп сілтейтін болды. Соғыста көрген қиян-кескі шайқас елесі жүнжіген жүйкеге әсер беріп, контузия алғандары бар, "ақаңның" күшімен талай шатақ оқиғаларға да ұласып жатты. Міне, осындай ардагер жауынгерлердің арақ ішу үлгісін көрген 1930-40-50 жылғы жастар да арақ ішуді өнеге тұтты. Сталиннен кейінгі Н.С.Хрущев кезінде ол өсе түсті. Өйткені Никита Хрущев алып мемлекет басшысы бола тұра, оған лайық емес жағдайға жеткенше құлай ішетін. Қазақстанға келіп тұрып "Өзбек xалқына сәлем!" деуі, сол мас кезі болса керек. Л.И.Брежнев кезінде де бұл үрдіс жалғасын тапты. Кез-келген мәселе арақсыз шешілмейтін. Тіпті орыс xалқы арақты ұлттық сусынымыз деп есептейді ғой. М.С.Горбачев арақты қойдырамын деп еді, болмады. Өзі де тақтан тайды. Кеңес Одағы ыдырап кетті.
Ал енді сол арақ ішу өнеге болған, Кеңес Одағы кезінде туған, сол кезде жас болған, Мұқағали Мақатаев ішкіш болды, "аузы құрғамаған ақын" деу қалай болғаны. Ақын жанды адам еліктегіш, шабыттанғыш келеді. Яғни, араққа бой алдырып кету, оларға оңай. Мұxтар Шаxанов ағамыз ғана сол дәуірден молда болып шығып, 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде, Евгений Евтушенко екеуі Мәскеуде өлең оқып жатқан екен. Кейін Мұxтар ағамыз желтоқсандықтардың қорғаушысы болып шыға келді.
Ал Мұқағали өлеңдері әр қазақ жүрегінен орын алған. Көңіл-ойыңды дөп басады.
Қысқасы, қазақ арақты орыстан үйренді. Кеңес Одағы кезінде орыстың өзінен басып озды. Әлі жалғастырып келе жатыр. Бұл үрдісті тоқтату үшін мықты ұлттық идеология қажет!